Өскемен қаласындағы қоқыс сұрыптау желісіне бару туралы
Назад в пресс-Центр

Өскемен қаласындағы қоқыс сұрыптау желісіне бару туралы

Бүгін, 2023 жылғы 12 желтоқсанда ШҚО-ға қызметтік іс-сапар аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н. Нысанбаев «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Е. Н.Сәрсенбаймен бірге Өскемен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісінің жұмысымен танысты.

Сапар ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласындағы проблемалық мәселелерді шешу және өңірдегі полигондарда жерлеу көлемін азайту мақсатында ұйымдастырылды.

Өскемен қаласында сұрыптау желісі 2022 жылғы 17 қазанда іске қосылды. Қалдықтардың сұрыпталатын фракциялары-қағаз-картон, қалайы, полиэтилен, пластикалық бөтелкелер (ПЭТ), HDPE пластик (канистрлер, сабын жуғыш заттардан жасалған ыдыстар), қатты пластик, басқа да қалдықтар, органикалық заттар).

Нысанда сұрыптау желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін жабдықталған жұмысшы персоналы және тиісті мамандандырылған техника бар.

Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында қатты-тұрмыстық қалдықтармен айналыс саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ мемлекет пен кәсіпорындар қабылдайтын шаралар қозғалды, бұл осы саладағы шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді.