«Жасыл даму» АҚ қоқыс шығару ұйымдарының басшыларын макулатура, шыны және пластик қалдықтарын жинаушы ретінде «EcoQolday» бағдарламасына тіркелу мәселелері бойынша онлайн-түсіндіру жиналысына қатысуға шақырады. Қоқыс шығару ұйымдарының басшыларының қатысуын сұраймыз.
Онлайн-жиналыс кестесі:
2025 жылғы 15 шілде, сағат 11:00 – Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Жетісу облыстарының басышлары.
2025 жылғы 17 шілде, сағат 11:00 – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының басшылары.
Zoom сілтемесі қосымша жіберіледі.
Басқа өңірлерге арналған кездесу кестесі кейінірек хабарланады.
Қатысу үшін ecoqolday@recycle.kz электрондық поштасына өтінім жіберуді немесе +7 7172 620660 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз. Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қажет: компания атауы, өңір, басшының аты-жөні және одан әрі байланыс үшін whatsapp нөмірі.