"ECO MEKEN" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Назад в пресс-Центр

"ECO MEKEN" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бірнеше айға созылған "Eco Meken" реалити-шоуының жеңімпазы анықталды. Бірінші орынға берілетін 10 миллион теңгені эко-белсенді Владислав Голярко жеңіп алды. Екінші орын иеленген Ботакөз Садыбекова 5 миллион теңге иеленді. Үшінші орын алған Сергей Тандеевке 3 миллион теңге бұйырды.

Экологиялық шоуда топ жарған қатысушыларға берілген қаражат эко бизнестерін дамытуға бағытталатын болады. Жобаның түпкі мақсаты – экокәсіпкерлікті бастауға қолдау көрсету.