Тұрмыстық қалдықты бөлек жинауды жүйелі жүргізуге бағытталған «ЭкоАсар-3» шарасына қорытындысы шығарылды. Ақпан айынан басталған акцияға белсенді қатысқан ең үздік мектептер мен балабақшалар ӨКМ Операторынан алма бағын отырғызу үшін жер асты суаруды ұйымдастыруға ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, сұрыпталған қалдық саны бойынша үздік нәтиже көрсеткендерге сыйлыққа планшет табысталды. Акция асында қатысушылар 17 211 кг қайталама шикізат (макулатура, пластик, шыны қалдықтары) жинап, қайта өңдеуге жіберді. Қайталама шикізатты тапсырудан түскен қаражат елордалық мектептер мен балабақшаларда көгалдандыруға, гүлдер мен ағаштар отырғызуға бағытталатын болады.
7 айға созылған «ЭкоАсар игі істердің – марафоны» акциясы өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеудің маңыздылығы туралы 450 000-нан астам адам танып-білді. Жобаны «ӨКМ Операторы», Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы мен «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
«ЭкоАсар» акциясын «Clean city NC» қоқыс шығарушы компаниясы, «Eco-KZ» ЖК қолдады.