«EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 4.1 млрд теңгеден астам қаржат төленді
Назад в пресс-Центр

«EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинағандарға 4.1 млрд теңгеден астам қаржат төленді

Осы аптада қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына  143 млн теңгедеген астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 3 220,27 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 310,99 тонна полимер және 806,64 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.

Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 4 103 256 044,97 теңге қаражат төленді. 

Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1325-ке жетті. Оның ішінде 242-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 37-кәдеге жаратушы зауыттар және 1046 көлік котмпаниялары тіркеліп отыр. 

Шикізатты кәдеге жаратушы кәсіпорындар қаптама қалдығын сатып алуға төмендегі бағаларды ұсынып отыр: 

Макулатура үшін 90-120 теңге Полимер үшін 150-280 теңге Шыны үшін 19-22 теңге