«Радуга» ЖШС полимерлі қаптама қалдықтарын жинайтын және қайта өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыт бес жүзден астам әртүрлі санаттағы тауар өнімдерін шығарады. Соның бір бағаты – пластмасса және полиэтилен өнімдерін шығару. ӨКМ Операторымен «Радуга» ЖШС 2017 жылдан бастап әріптестік жасайды. Оператордың қолдауымен кәсіпорын өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтып, ПЭТ-флекстен жаңа өнім түрін шығаруды қолға алды. 2018 жылдан бастап кәсіпорын ҚТҚ сұрыптау және қалдықты бөліп жинауды жүргізуді қолға алды. Кәсіпорын Петропавл қаласындағы Бескөл ауылында орналасқан.