Талдықорған тұрғындары EcoQolday арқылы қайталама шикізатты тапсырып табыс таба алады
Баспасөз орталығына оралу

Талдықорған тұрғындары EcoQolday арқылы қайталама шикізатты тапсырып табыс таба алады

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру аясында өңірлерді қалдықтарды бөлек жинауға тарту және «EcoQolday» мобильді қосымшасы арқылы табыс табу мүмкіндігін ұсыну бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда.

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанның Жалпыұлттық демократиялық партиясымен бірлесіп және Жетісу облысының Экология департаментінің қатысуымен Талдықорған қаласында тұрғын үй кооперативтерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы - өңір тұрғындарын «EcoQolday» автоматтандырылған жүйесіне тарту болды.

Іс-шара барысында «Жасыл даму» АҚ өкілі Шаймурат Сәкен ақпараттық жүйенің жұмыс істеу қағидаттарын жан-жақты түсіндірді. Ол әрбір тұрғын пластик және қағаз қалдықтарын қайта өңдеуге тапсыру арқылы қосымша табыс таба алатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл үдеріс барынша жеңілдетілген және қолжетімді, айтарлықтай күш-жігерді талап етпейді.

Сондай-ақ «Таза үй - Таза ел» экологиялық бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл бастама мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қайталама шикізатты бөлек жинау және сұрыптау үдерісіне белсенді қатысуын, әрі қарай оны қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсыруды көздейді.

Дөңгелек үстелге Талдықорған қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріндегі МИБ және ПИК өкілдері, қайталама шикізатты жинау және сұрыптаумен айналысатын компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аталған бастамаларды іске асыру өңір үшін маңызды әлеуметтік-экологиялық нәтиже береді. Ол қалдықтарды көму көлемін азайтуға, бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуға, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.