Бүгін (21 сәуір) «Жасыл Даму» АҚ алаңында Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының коммуналдық қалдықтарды басқаруды ұйымдастыруды тиімді әрі кешенді жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі шағын құрамы кездесті. Оның ішінде салалық қауымдастықтар, қоршаған ортаны қорғау саласының уәкілетті органы және мүдделі тұлғалар қатысты.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері «Экологиялық кодекске» өзгерістер мен толықтыру енгізу бойынша ақпарат берді. Ал, «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды жинау және өңдеу саласындағы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Жұмыс тобының шағын құрамының отырысында бірлестіктің әрбір өкілі саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, өз салаларындағы жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстарын берді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырады.