Желтоқсанның 1-нен бастап ескі көлік қабылдау тоқтатылады
Назад в пресс-Центр

Желтоқсанның 1-нен бастап ескі көлік қабылдау тоқтатылады

2021 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Қазақстанда тозығы жеткен көліктерді жоюға қабылдау тоқтатылады. Қазіргі  уақытта ӨКМ Операторы биылғы жылға межеленген квотаны толығымен игеріп отыр. Жыл соңына дейін ӨКМ Операторы мамандары аймақтардағы қабылдау бекеттеріне тапсырылған техникаларға түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кету керек қазақстандықтар биыл ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, жолаушы тасымалдайтын 4 040 және 8470 жүк көлігі.  Ауылшарушылығы техникасы бойынша бүгінгі таңда 3054 техника өткізіліп отыр. Оның 2 226 трактор, 828 комбайн.

Ал ауылшаруашығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді. Атап айтқанда 254 трактор, 72 комбайнға электронды кезекке сай тапсырылуды күтіп отыр. 

Жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау келер жылға дейін тоқтатылады. Ескі көлікті жоюға қабылдаудың 2022 жылдағы бағдарламасы  қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде.