17-18 қазанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі
Баспасөз орталығына оралу

17-18 қазанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

Құрметті пайдаланушылар!

2026 жылғы 17-18 қазанда «Жасыл даму» АҚ-да жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) уақытша қолжетімсіз болуы немесе олардың жұмысында іркілістер мен шектеулер туындауы мүмкін.

Аталған күндері ААЖ-да қалыптастырылған немесе енгізілген деректер жоғалуы мүмкін. Осыған байланысты 17–18 қазан күндері ААЖ-да жұмыс істеуді жоспарламауды және барлық қажетті операцияларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін аяқтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.