Степногорск қаласындағы баспасөз туры қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларға қолдау көрсету
Баспасөз орталығына оралу

Степногорск қаласындағы баспасөз туры қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларға қолдау көрсету

2025 жылғы 22 шілдеде Степногорск қаласында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жатқан «Шебер Спецмаш» ЖШС кәсіпорнына баспасөз туры өтті.

Өндірістік қуаттылықты кеңейту аясында кәсіпорын жалпы сомасы 22,8 млн теңге және 26,8 млн теңге болатын екі жаңа қоқыс таситын арнайы техниканы сатып алды. Бұл заманауи техника қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдау тиімділігін арттырып, жергілікті жерлердегі логистиканы жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жасыл даму» АҚ экологиялық бастамаларды іске асырушы мемлекеттік оператор ретінде, Қазақстанда қалдықтар көлемін азайтуға және циркулярлы экономиканы дамытуға бағытталған жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

«Шебер Спецмаш» ЖШС-не көрсетілген қолдау қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын жақсартуға және экологиялық қызметтерді еліміздің түкпір-түкпіріне кеңінен таратуға жол ашады.

«Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да қалдықтарды басқару саласындағы тұрақты шешімдерді дамытуға және еліміздің экологиялық күн тәртібін іске асыруға үлес қоса береді.