Эксперименттің қатысушылары Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 5-7 сынып оқушылары. Жоба 22 ақпанда іске қосылды және акцияның бес аптасында қатысушылар 2,6 тонна қаптама қалдықтарының жиналғанын тіркеді. Эксперимент барысында кейбір отбасылар жанұя бюджетін ұтымды пайдалану арқылы пластик қолдануды азайту керек деген қорытындыға келді, – дейді жоба қатысушылары. Бес аптаның ішінде қаптаманың жиналу көлемі 16,5%-ға (430 кг) қысқарған. Жобаға қатысушылар эко-еріктілермен бірлесіп, тұрғын үй кешендерінде тұрғындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және «менің ҚТҚ жинауға және сұрыптауға көзқарасым» тақырыбында эссе дайындады.
Эксперимент сәуір айының соңына дейін жалғасады. Нәтижелері бойынша оқушылар эксперимент қорытындыларын таныстыруға және тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізудің оң тәжірибесімен бөлісуге дайын. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша «Сарыға таста!» жобасын өткізу идеясын №77 мектеп-лицейінің оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласының балабақшалары іліп әкеттіa.