"Табиғатта қоқысқа жол жоқ!" акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындардың тізімі анықталды
Назад в пресс-Центр

"Табиғатта қоқысқа жол жоқ!" акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындардың тізімі анықталды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еріктілерге арналған жалпыұлттық экологиялық акция аясында ең ластанған табиғи орындарды анықтады. Тізімге азаматтардың көбіне баратын табиғи демалыс орындары, саябақтар мен алаңдар, өзендер мен көлдердің айналасы кірді.

2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев "Табиғатта қоқысқа жол жоқ!" атты акциясының басталуы туралы жариялады.

Акция табиғатқа тиімсіз, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталды.

Акцияның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 8 қазанында республиканың барлық өңірлерінде басталады.

Бұл күні экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, эковолонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысады.

Барлық ниет білдірушілер іс-шараға жоғарыда көрсетілген локациялар бойынша қосыла алады!


Дереккөз: gov.kz