Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне таралатын тауарлардың жаңа тізбесі бекітілді
Назад в пресс-Центр

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне таралатын тауарлардың жаңа тізбесі бекітілді

16 қарашада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы жарияланды. Онда өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне таралатын тауарлардың жаңа тізбесі бекітілді. Бұған дейінгі ескі тізбені бекіткен ЭГТРМ-нің барлық бұйрықтарының күші жойылды деп танылады. Бұйрық жарияланғаннан кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрықпен танысуға және әрі қарай жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін төменде көрсетілген сілтемеге өтуге болады. Сонымен қатар ресми сайттың «кәдеге жарату төлемі» бөлімінде ӨКМ таралатын тауарлардың жаңа тізбесін жүктеп алуға және танысуға болады.


Жарияланды: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/173605/kaz