2021 жылдың 10-шы желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның үздік экологиялық бастамалары мен серпінді жобалар мен экобелсенділерді анықтайтын ең алғашқы ECOMEKEN экологиялық сыйлығы табыс етілді.
Үздіктерді анықтау үшін төрт номинацияға қатысуға ашық өтінімдер қабылданды. Өтінімдерді әртүрлі экологиялық ұйымдар мен қауымдастықтар, сондай-ақ экологиялық белсенділердің өздері берді.
Қазақстанның түрлі өңірлерінен 200-ден астам өтінім келіп түсті, оларды елдегі экология және қайта өңдеу саласындағы сарапшылар комиссиясы бағалады.
Шорт-параққа төрт номинация бойынша марапаттауға 12 үміткер кірді - "Жылдың экологиялық бастамасы", «Экология саласындағы үздік білім беру жобасы", "Экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін " және "Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша үздік стартап".
"Жылдың экологиялық бастамасы" номинациясын Алматыдан келген қайталама шикізатты жинаушы, ECOSEN қосымшасын негізін қалаушы Айбек Рахим жеңіп алды.
"Экология саласындағы үздік білім беру жобасы" деп Теміртаудан келген оқытушы Елена Варганованың жобасы үздік деп танылды.
Аңсар Смағұлов (Taza Qala компаниясы) пластик және алюминий бөтелкелерді қабылдау бойынша фандомат жобасымен "қалдықтарды өңдеу бойынша үздік стартап" номинациясында жеңіске жетті.
"Экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша экобелсенді, кәсіпкер және экоклубтың негізін қалаушы қостанайлық Наурызбек Бірмағамбетов жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында алғашқы экологиялық реалити-шоуы-ecomeken тележобасының қорытындысы шығарылды. 12 желтоқсанда "Хабар" телеарнасында шоу жеңімпазы белгілі болады.