Сондай-ақ, іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларының инновациялық экологиялық жобалары ұсынылды. Қазақстанда алғаш рет ұсынылған «EcoQolday» жобасы ӨКМ Операторының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы, «Жас Ұлан» РҚБ, «Адал Ниет» қоры мен «Clean City NC» компаниясының қолдауымен іске асырылуда.
Айта кету керек, ӨКМ Операторы экологиялық білім деңгейін арттыруға ден қойып отыр. Бұл жұмыста компания халықаралық және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. ӨКМ Операторының қолдауымен «Менің эко-мектебім» білім беру жобасы, «Қайырымдылық қобдишасы» жобасы іске қосылды. «Утиль от А до Я» жобасы аясында қайта өңдеу кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылды. «ЭкоАсар – игі істер марафоны» акциясы шеңберінде елорда оқушылары 2,5 млн теңгеден астам сомаға 92 тоннадан астам қайталама шикізат жинады. Барлық жиналған қаражат қайырымдылық пен мектеп аумақтарын көгалдандыруға бағытталды.