Бүгінгі таңда полиэтилен пакеттері тұрмысымызға дендеп еніп кетті. Адамдар дүкендер мен супермаркеттерден сатып алатын азық-түліктер мен басқа да заттарын соған салып алуға үйренген. Алайда бейберкет пайдаланып жатқан пакеттер бүгінде жер-көкте шашылып, табиғатты ластап жатыр. Қазіргі уақытта күллі әлем полиэтилен қалдығына батып барады. Көп адамдар полиэтилен пакетін пайдалану ыңғайлы деп есептегенмен оның табиғатқа келтіртін зияны туралы ойлана бермейді. Сондықтан табиғатты аялау үшін бүгінен бастап полиэтилен пакеттерді экологиялық сөмкелерге ауыстыратын кез келді.