«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша заңгерлік қызмет көрсететін адвокаттарды және адвокаттық қызмет туралы Заңға сәйкес заңгер консультанттар палатасының мүшелері болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – бөгде тұлғалар) жұмысқа шақыратындығын хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген заңгерлік қызмет көрсетудің іріктеуіне қатысуға ниет білдірген тұлғалар 20.04.2023 ж. дейін t.imramziyev@recycle.kz электрондық поштасына және Астана қаласы, Қабанбай-батыр даңғылы, 115 608 каб мекенжайына төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, коммерциялық ұсыныс пен тиісті құжаттарды жолдау керек.
1) Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім бергендігінің түпнұсқасы (қосымша сауалнамада);
2) Берешекті өндіріп алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) Тұлғаның көрсететін қызметтер тізбесі туралы ақпарат;
4) Көрсетілген қызметтер түрлері, контрагенттің атауы, мәміле сомасы (коммерциялық құпия туралы талаптар болмаған кезде), берешекті қайтару тиімділігі (берешекті қайтару сомасының берешекті өндіріп алу сомасына қатынасы) бойынша бұрын жасалған мәмілелер туралы ақпарат;
5) Штат саны туралы ақпарат (өңірлерде жұмыс істейтін бірлесіп орындаушыларды қоса алғанда, көмекшілердің, бірлесіп орындаушылардың тізімі, бар болса, өңірлер бойынша бөліп көрсету);
6) Қызмет түрлері бойынша қызметтерге тарифтер туралы ақпарат;
7) Есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (көрсету) екендігі туралы мәліметтер (салық органынан анықтама);
8) Тұлғаға қатысты сот актілері;
9) Қажетті тәжірибені растайтын құжаттар;
10 Тұлғаның осы хабарландыру бойынша файлға салынып, қол қойылған құжаттарды екінші тарап растайтын құжатпен (бар болса) қабылдайды.
Қабылдаушы жаұ тарап дұрыс ақпарат беруге және шынайы құжаттарды ұсынуға жауапты болады.