Заңгерлік қызмет көрсететін білікті адвокаттарды шақырамыз
Назад в пресс-Центр

Заңгерлік қызмет көрсететін білікті адвокаттарды шақырамыз

«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша заңгерлік қызмет көрсететін адвокаттарды және адвокаттық қызмет туралы Заңға сәйкес заңгер консультанттар палатасының мүшелері болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – бөгде тұлғалар) жұмысқа шақыратындығын хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген заңгерлік қызмет көрсетудің іріктеуіне қатысуға ниет білдірген тұлғалар 28.10.2022ж. дейін t.imramziyev@recycle.kz электрондық поштасына және Астана қаласы, Қабанбай-батыр даңғылы, 115 608 каб мекенжайына төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, коммерциялық ұсыныс пен тиісті құжаттарды жолдау керек.


1) Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім бергендігінің түпнұсқасы (қосымша сауалнамада);

2) Берешекті өндіріп алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) Тұлғаның көрсететін қызметтер тізбесі туралы ақпарат;

4) Көрсетілген қызметтер түрлері, контрагенттің атауы, мәміле сомасы (коммерциялық құпия туралы талаптар болмаған кезде), берешекті қайтару тиімділігі (берешекті қайтару сомасының берешекті өндіріп алу сомасына қатынасы) бойынша бұрын жасалған мәмілелер туралы ақпарат;

5) Штат саны туралы ақпарат (өңірлерде жұмыс істейтін бірлесіп орындаушыларды қоса алғанда, көмекшілердің, бірлесіп орындаушылардың тізімі, бар болса, өңірлер бойынша бөліп көрсету);

6) Қызмет түрлері бойынша қызметтерге тарифтер туралы ақпарат;

7) Есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (көрсету) екендігі туралы мәліметтер (салық органынан анықтама);

8) Тұлғаға қатысты сот актілері;

9) Қажетті тәжірибені растайтын құжаттар;

10 Тұлғаның осы хабарландыру бойынша файлға салынып, қол қойылған құжаттарды екінші тарап растайтын құжатпен (бар болса) қабылдайды.

Қабылдаушы жаұ тарап дұрыс ақпарат беруге және шынайы құжаттарды ұсынуға жауапты болады.