«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы
Назад в пресс-Центр

«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы

Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясына "Жасыл даму" АҚ ұжымы да қатысты.

Акция барысында республика бойынша 40 мыңнан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге 1200 тонна шыны, 3150 тонна пластик, 420 тонна ескі шина, 1300 тонна қағаз және картон, 890 тонна металл тапсырылды. 40 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Бұл күні еліміздің барлық өңірлеріңде экологиялық акция өтті. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады.