Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері 1 000-нан астам арнайы техникамен қамтамасыз етілді. Оларды сатып алуға «Жасыл даму» АҚ 33,1 миллиард теңге бағыттады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Жасыл даму» мәліметінше, сатып алу жұмыстары Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін компания кәдеге жарату төлемі есебінен мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, орман резерваттарына, қорықтарға және орман шаруашылығы мекемелеріне арналған заманауи арнайы техниканы сатып алуға 33 121 711 000 теңге бөлді.
Осы кезеңде табиғатты қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алу мен оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автомобильдер, түрлі модификациядағы тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті басқа да техникалар бар.
Компанияның мәліметінше, табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту олардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына әрекет ету уақытын қысқартуға және табиғи өрттермен күрестің тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Ең көп қаржыландыру алған өңірлер:
Компания өкілдерінің айтуынша, жеткізілген техника бүгінде еліміздің табиғатты қорғау мекемелерінде белсенді пайдаланылып жатыр. Ол өрт сөндіру жасақтарын өрт ошақтарына жедел жеткізуге, аумақтарды патрульдеуге және орман өрттерінің алдын алу мен оларды жоюға бағытталған өзге де жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәдеге жарату төлемі қаражаты есебінен экологиялық жобаларды іске асыру жалғасуда. Бұл қаражат экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, орман экожүйелерін сақтауға және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталуда.