2025 жылғы 31 маусымда «Жасыл даму» АҚ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағын тазартты.
Күнді таңдау кездейсоқ емес – іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күніне орайластырылды.
«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жеке жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні тазалық тазалайтын жер емес, қоқыс тастамайтын жер екенін еске салады. Экология министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасының үйлестірушісі ретінде таза әрі қолайлы болашақ құру үшін еліміздің барлық өңірлерінің күш-жігерін біріктіруді жалғастырады. Таза табиғат – біздің ортақ міндетіміз. Таза Қазақстан әрқайсымыздан басталады!