2025 жылдың 27 сәуірінде Астанада экобелсенділер тобы ұйымдастырған «ДАРмарка» экологиялық шарасының 15-ші мерейтойы өтті. Бұл іс-шара «Сарыарка» СО және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтын «Жасыл даму» АҚ қолдауымен өтті.
2020 жылдан бастап «ДАРмарка Астана» әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастырып келеді. Оның негізгі мақсаты – адамның табиғатқа теріс әсерін азайту, экологиялық өмір салтының маңыздылығы туралы ақпаратты арттыру және планетаның болашағына алаңдайтын адамдар қоғамын дамыту.
Іс-шара аясында қайта өңдеуге арналған материалдар жинау, қауіпті қалдықтарды жою, киімдер, кітаптар және ойыншықтармен айырбастау сияқты акциялар тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар, балаларға арналған ойындар, шеберлік сабақтары, эковикториналар мен экотауарлар және жергілікті қолөнершілердің өнімдерінен жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
«ДАРмарка Астана» жобасы осы уақытқа дейін 8 тоннаға жуық қайта өңделген қалдықтар мен қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинап, бұл полигоандарға түсетін қоқыстың көлемін айтарлықтай азайтты. «Жасыл даму» АҚ жобаның ұйымдастырушыларымен белсенді ынтымақтастық орнатып, оның экологиялық миссиясын қолдайды, қалдықтарды қайта өңдеу мен жоюға үлес қосуда.
««Жасыл даму» АҚ осындай маңызды экологиялық бастамаларды, оның ішінде «ДАРмарка» жобасын қолдайды. Әсіресе, шара аясында балаларға арналған ойындар, шеберлік сабақтары мен эко-сағаттар өткізілуі өте маңызды, себебі бұл экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі. Бұл қалдықтарды сұрыптау және саналы тұтыну дағдыларының өмірдің бір бөлігіне айналуы үшін маңызды қадам», – деді «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.
«Біз экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесімізді қосып, адамдарды біздің планетамызды қорғауға бағытталған іс-әрекеттерге шабыттандыруды мақсат етіп отырмыз», – деді экожаттықтырушы, экокеңесші және экологиялық шараларды ұйымдастырушы Мариям Қасымова.