Бүгін «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на 20 млрд теңге аударды. Аударылған қаражат, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингпен сатып алуға бағытталғын.
Қазақстандық агро өнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 6% - бен 10 жылға дейін бастапқы жарнасыз лизингке ала алады. Бұл ретте 1 лизинг алушының 205 млн теңгеден аспайтын сомаға 3 бірліктен аспайтын техниканы және 2 жыл ішінде 1 рет ғана сатып алуға құқығы бар.
Соңғы алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, атап айтқанда қолданыстағы кредиттерді өтеуден төлемдер жаңа қарыз алушыларды қаржыландыруға қайта бағытталады.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы "Жасыл даму" АҚ-ның қаржылай қолдауының арқасында 30 млрд теңге сомасында жоғарыда аталған шартпен 900-ден астам АӨК ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту қаржыландырылған болатын.