2023 жылғы 31 Қазанда «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әлия Оспанова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжаттың негізгі мақсаты - Қазақстанның адами капиталын дамыту мәселелерінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту.
Тараптар кадрларды даярлау, қайта оқыту, тағылымдамадан өту, олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бөлігінде өзара консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетуге уағдаласты.
Меморандум «Жасыл даму» АҚ-ның экология, климаттың өзгеруі, энергетика және т.б. тақырыптарында үздік әлемдік талдау орталықтарында ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары арқылы жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.