«Жасыл даму» АҚ «EcoQolday» ережелеріне өзгерістер жобасы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ «EcoQolday» ережелеріне өзгерістер жобасы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді

2025 жылғы 23 мамырда «Жасыл даму» АҚ онлайн-кеңес өткізіп, кеңейтілген өндірушілердің (импорттаушылардың) міндеттемелері шеңберінде өнім (тауар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға бағытталған, өндірушілер мен импорттаушылардан оператордың банктік шотына түскен қаражат есебінен төлемдер арқылы жүзеге асырылатын қаражатты бағыттау қағидаларына (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №332 бұйрығымен бекітілген – бұдан әрі «EcoQolday» ережелері) енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңеске қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеумен айналысатын 45-тен астам кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

«EcoQolday» ережелеріне ұсынылып отырған өзгерістер 2024 жылдың қорытындысы бойынша «EcoQolday» ақпараттық жүйесінің жұмысына жүргізілген талдау және қалдық жинаушылар мен қайта өңдеушілердің өтініштері негізінде әзірленген.

Кеңес барысында «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Қабдолданов Н.К. қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар және «EcoQolday» ережелеріне енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер туралы кеңінен айтып өтті. Бұл өзгерістер кәсіпкерлік субъектілері үшін қалдықтарды басқару үдерістерін оңтайландыруға ықпал ететін болады.

Ұсынылған өзгерістер түсіндірілгеннен кейін, кәсіпкерлік субъектілері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.