«Жасыл Даму» АҚ есебінен отандық өндірушілерге өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
Назад в пресс-Центр

«Жасыл Даму» АҚ есебінен отандық өндірушілерге өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.

Бөлінген қаражатқа шаруалар 500-ден астам техниканы лизингке алады. Оның ішінде 80-нен астам комбайн, 450 трактор алынады. 

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың тамызында еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке берудің жаңа бағдарламасы іске қосылған болатын. Былтыр ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға 30 миллиард теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 100 миллиард теңге жеке тұлғаларды – отандық жеңіл автокөліктерді сатып алуға жеңілдетілген несие рентінде қаржыландыруға және тағы 30 миллиард теңге отандық автобустарды сатып алуға бөлінді. 

«Жасыл даму» АҚ қолдауымен 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға 30 млрд теңге бөлініп, оған 1144-ке жуық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларды – жолаушылар көлігін сатып алушыларды қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінді, оған 13 346 отандық автокөлік сатып алынды және тұтынушылардың сұранысын ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы экологияны жақсартуға бағытталған автобустар сатып алуға тағы 30 млрд теңге бөлінді.

Кезекті қарыз алушыларды қаржыландыру револьверлік тәсілмен жүргізіледі. Яғни, қайтарылған қаражат қайтадан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг алушыларды қаржыландыруға пайдаланылады.