"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (бұдан әрі - орталық) "Бір реттік ыдыс-аяқтан бас тарт" әлеуметтік акциясының (бұдан әрі-акция) іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл акция ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және "Жасыл Даму" АҚ-ның қолдауымен MTU Topsiring үкіметтік емес ұйымымен, Эстониямен және Эстония үкіметі мен "Қоршаған ортаға инвестициялар орталығы" қоғамдық қорының (KIK), Эстонияның қаржылық қолдауымен өткізіледі.
Бұл акцияның мақсаты - бір рет қолданылатын ыдыстарды пайдалануды азайту және соның салдарынан біздің қызметіміздің климат пен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.
Осы акция аясында Орталық Ұлттық серіктес ретінде бірнеше рет пайдалануға болатын ыдыстарды соңғы пайдаланушыларға таратады. Осыған байланысты біз бірнеше рет пайдалануға болатын ыдыстарды пайдалану тәжірибесін енгізуге дайын мүдделі ұйымдар мен компанияларды қатысуға шақырамыз. Науқанға қатысу шарттарымен және талаптармен танысу үшін https://igtipc.org/kk/20190920-24936/2452-20231122-051024 сілтемесі бойынша өту қажет.
Құжаттар қоса берілген өтінімдермен бірге 2023 жылғы 4 желтоқсанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қабылданады.
Біздің мақсатымыз - пластикті қолдану тәжірибесін өзгерту және әр адам мен ұйымды өз таңдауы туралы ойлануға шақыру. Біз барлығын планетамызды және болашақ ұрпақты қорғау үшін осы қозғалысқа қосылуға шақырамыз.