«Жасыл даму» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында компанияның негізгі қызмет бағыттары мен іске асырылып жатқан жобалары жан-жақты таныстырылды.
«Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай Басқарма Төрағасының орынбасарларымен бірге депутатты Қоғамның ағымдағы қызметімен, стратегиялық басымдықтарымен және негізгі міндеттерімен таныстырды. Кездесу аясында бағдарламаларды іске асыру тетіктері, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ-ның тұрақты даму мен мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға қосып отырған үлесі туралы кеңейтілген ақпарат ұсынылды.
«„Жасыл даму“ АҚ тұрақты дамуға және мемлекеттік бастамаларды тиімді іске асыруға бағытталған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Біз процестердің ашықтығын және қабылданатын шешімдердің нәтижелілігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз», – деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын және жүйелі тәсілдің қажеттілігін атап өтті.
«Ұсынылған ақпарат „Жасыл даму“ АҚ-ның қызметі, мақсаттары мен іске асырылып жатқан тетіктері туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді. Ашық диалогтың мұндай форматы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді», – деді депутат.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзекті мәселелер мен одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Көтерілген барлық мәселелерге Қоғам басшылығы тарапынан жан-жақты түсініктемелер берілді.
«Жасыл даму» АҚ өзіне жүктелген міндеттерді дәйекті түрде іске асыруды жалғастырып, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тараптармен ашық диалог пен сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін растайды.