Әлеуметтік желілерде кәдеге жарату төлемдері тәртібіне жеңілдіктер енгізілгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралып жатыр. Мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғам мен сала өкілдерін шатастыратыны анық.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кәдеге жарату төлемінен жеңілдіктер немесе босатулар қарастырылмағанын хабарлаймыз.
Кәдеге жарату төлемдері ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен өнімдер (тауарлар) тізіміне енгізілген тауарларға қолданылады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030484#z42). Төлем мөлшері де министрлік бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025100). Кәдеге жарату төлемдерін есептеуге ыңғайлы құрал ретінде «Жасыл даму» АҚ-ның ресми сайтындағы бөлімінен табуға болады (https://recycle.kz/kz/utilizacionnye).
Маңыздысы, 2025ж. 1 қаңтардан бастап базалық кәдеге жарату төлем мөлшері қолданыстағы ең төменгі есептік көрсеткішті (АЕК) ескере отырып қайта есептеледі. Электромобильдерге кәдеге жарату төлем алынбайды, алайда басқа да барлық көлік түрлері үшін жеңілдіктер қарастырылмаған.
«Жасыл даму» АҚ азаматтар мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен тек ресми көздерден алынған мәліметтерді ғана пайдалануды сұраймыз.
Сондай-ақ, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың назарына ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны, сондай-ақ көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.