«Жасыл даму» АҚ Қостанайлық экологиялық жобаларды қаржыландырды
Назад в пресс-Центр

«Жасыл даму» АҚ Қостанайлық экологиялық жобаларды қаржыландырды

«Жасыл даму» АҚ өңірлерде қалдықты қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бастады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 4 экологиялық жоба инвестициялық штабтың қолдауымен барлық іріктеу кезеңінен өтіп, қаржыландыру мақұлданды.    

Қостанай облысы бойынша екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның біріншісі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша техно-экопарк салу және Рудный қаласында (Қостанай облысы) құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу. Өтініш беруші «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды және 70 мың тонна құрылыс қалдықтарын сұрыптауға мүмкіндік береді. 40-тан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.    

Сонымен қатар Рудный қаласында (Қостанай облысы) резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу және кәдеге жарату өндірісін жаңғырту. Өтініш беруші компания «Еділ және компания» ЖШС. 15-тен астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде, ал өндірістік қуаттылық жылына 543 тоннадан 8300 тоннаға дейін қайта өңделеді.