"Жасыл даму" АҚ "Сарыарқа"Еркін экономикалық аймағының басқарушы компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
Назад в пресс-Центр

"Жасыл даму" АҚ "Сарыарқа"Еркін экономикалық аймағының басқарушы компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

2023 жылғы 19 қыркүйекте "Жасыл даму" АҚ Бсқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай және "Сарыарқа "АЭА БК" АҚ Басқарма Төрағасы Алнур Баймульдинов өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар қол қойылған құжат қалдық басқару саласындағы дамудың маңызды тетігі болатынына, тығыз байланысты дамыту, екіжақты инвестициялар көлемін ұлғайту және жасыл технологиялар мен тәжірибе трансферті үшін негіз болатынына сенім білдірді.

Жұмыс сапары аясында "Жасыл даму" АҚ басшылығы "Сарыарқа" АЭА БК" АҚ аумағында орналасқан өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысты. Олардың қатарында "АлтынАрна Geosynthetics" ЖШС Қазақстандағы геомембрана және геосинтетикалық өнім өндіру зауыты, сондай - ақ "Polymet Solutions" ЖШС әртүрлі пайдалану жағдайлары үшін диаметрі 1,5 метрден 12,2 метрге дейінгі кез келген мөлшердегі диірмендерге арналған хром-молибден қорытпасынан жасалған резеңке, резеңке металл, болат астар, сондай-ақ моноблоктарды шығару зауыты бар корпорация".

Кездесу соңында Ержан Сәрсенбай мен Алнур Баймульдинов экологиялық өндіріс және жасыл технологиялар саласындағы бірлескен жобаларға жоғары қызығушылық танытты.