Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында «Жасыл даму» АҚ өкілдері Қытай-Еуразиялық іскерлік кеңеспен (CEBC) және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) бірлесіп ұйымдастырылған Шэньчжэнь қаласындағы инвестициялық B2B-форумына қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша жасыл технологиялар трансфері және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты жобаларға Қытай инвестицияларын тарту саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ХЖТИЖО және CEBC арасында стратегиялық келісімге қол қойылды.
«Жасыл даму» АҚ делегациясы ХЖТИЖО-мен бірге Гуанчжоу қаласында орналасқан және PK Environment компаниясы басқаратын әлемдегі ең ірі қоқыс жағу зауыттарының біріне барды. Сапар барысында тұрмыстық қатты, құрамында мұнай бар және құрамында резеңке бар қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы қазақстандық әзірлемелер ұсынылды. Қытай тарапы ұсынылған шешімдерді тереңірек талдауға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.
Жұмыс сапары қытай бизнесінің Қазақстан Республикасының тұрақты бастамаларына жоғары қызығушылығын көрсетті. «Жасыл даму» АҚ жасыл технологиялар мен тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып, халықаралық аренада ұлттық экологиялық жобаларды белсенді ілгерілетуді жалғастырады.