«Жасыл даму» АҚ-ның ұжымы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде өз еріктерімен жалақыларынан «Қайрымдылық» Қоғамдық қорының есеп шотына аударды. Қостанай өңірінде тілсіз жаудан жапа шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен қатар, қарапайым халық тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Апаттан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы сәттен бастап еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек пен қаржылай қолдау жасалды. Қайырымдылық шарасы әлі де жалғасып жатыр.
Өз кезегінде «Жасыл даму» АҚ ұжымы, тілсіз жау шарпыған аймақ тезірік қалыпына келіп, облыстың қайта өрістеуіне тілектестік білдіреді.