«Жасыл даму» АҚ ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты
Назад в пресс-Центр

«Жасыл даму» АҚ ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін елордада жыл сайын ұйымдастырылатын «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық айлығы басталды. Қала аумағын тазалау бойынша сенбілікке «Жасыл даму» ұжымынан 70 жуық қызметкер қатысты. Компания қызметкерлері Қобыланды батыр көшесі бойындағы орман жолағының жиегін қалдықтардан тазартты. Бір сағаттың ішінде 600 келіге дейін қалдық жинап, оны қаланың коммуналдық қызметіне тапсырды.

Экологиялық айлық аясында биыл бас қалада 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Шараның басты мақсаты – қоғам назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Айта кету керек «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық айлығы елордада 17 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі.