Бұл туралы премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының кейбір шарттары өзгерді. Бұл туралы премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
"Өткен аптада біз Үкіметтің жеңілдетілген несие беру туралы қаулысын қабылдадық. Апта соңына дейін" Бәйтерек" мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл жұмысты аяқтайды", - деді Роман Скляр Үкімет отырысы барысында журналистерге.
Бірінші вице-премьер жеңілдетілген автонесиелеу алу үшін қазақстандықтарға қайда жүгіну керек деген сұраққа жауап берді.
"Бағдарлама бұрынғыдай болады. Тек ұзартылып отыр. Кейбір шарттар өзгерді: бастапқы жарна алынып тасталды, сома өсті", - деп түсіндірді Роман Скляр.
Роман Скляр атап өткендей, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының егжей-тегжейін "Бәйтеректен" анықтауға болады.
Сондай-ақ, ол көлік тапшылығы туралы сұраққа жауап берді:
"Бұл әлемдік үрдіс. Чиптер жетіспейді. Өндіріс азайып, автомобильдерге сұраныс артты. Біз бұл мәселеде жалғыз емеспіз".
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Қазақстан өңірлеріндегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.