Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасына "Жасыл даму" АҚ есебінен 30 млрд теңге қаражат бөлінген болатын.
02.09.2022 ж. жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 1089 бірлік техникаға 43,6 млрд. теңгеге өтінім түсті:
комбайндар – 169 бірлікке 19,1 млрд теңге;
тракторлар – 920 бірлікке 24,5 млрд теңге.
Оның 16,6 млрд теңгеге 369 бірлігі ендігі қаржыландырылды.
Қаржыландыру қағидаларына сәйкес кеңейтілген міндеттемелердің операторы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыруы үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің құрамынан құрылған комиссияның шешімімен әрбір отандық өндірушіге қаржыландыру лимиті белгіленген.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына белсенді қатысуына және лимиттердің толығуына байланысты, қазіргі уақытта «АгромашХолдинг KZ» АҚ және «Қостанай трактор зауыты» ЖШС тракторларына, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС комбайндарына, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК, «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС комбайндары мен тракторларына өтінімдер қабылдау жұмысы тоқтатылды.
Лимиттер босатылғаннан кейін өтінімдер қайта қабылдана бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы 20 жылға есептелген және жаңартпалы сипатқа ие. Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау жұмысы 2022 жылғы 5 тамызда басталды.
Дереккөз: kaf.kz