Жеңілдік сертификатын үшінші тұлғаға рәсімдеуге болады
Назад в пресс-Центр

Жеңілдік сертификатын үшінші тұлғаға рәсімдеуге болады

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіруді ынталандыру ережесіне (бұдан әрі - ынталандыру Ережесі) сәйкес, жеңілдік сертификаттарының иелері «Жасыл даму» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы үшінші тұлғаға қайта рәсімдеуге болатындығын хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап қолдану мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану, ынталандыру ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін, сертификаттарды қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік болады.

 

Жеңілдік сертификаттарын қайта рәсімдеудың нұсқаулығы: 

Жеңілдік сертификаттарды қайта рәсімдеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар автоматтандырылған ақпараттық жүйеде өзінің жеке кабинеті арқылы (https://auto.recycle.kz/line) өзіне қажетті сертификатты таңдап, жеңілдік сертификатын алушының деректерін толтырады. ЭЦҚ арқылы қол қояды және оны растау үшін жеңілдік сертификатын алушыға өтінім жібереді.

Алушы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде өзінің жеке кабинеті арқылы жеңілдік сертификатын алғанын растайды және ЭЦҚ арқылы қол қояды, бұдан әрі «Жасыл даму» АҚ қарауына жібереді.

«Жасыл даму» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы келіп түскен өтініштер бойынша ұсынылған құжаттардың сәйкестігін қарайды және шешім қабылдайды.

2021 жылы берілген, қолданылу мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын қайта ресімдеуді «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері қарамайды.

Анықтама: ынталандыру қағидаларына сәйкес жеңілдік сертификаты оны берген сәттен бастап бір жыл ішінде қолданылады және оны берген сәттен бастап өзге тұлғаларға үш реттен артық рәсімделмейді. Сертификатты өзге тұлғаларға беру, оның қолдану мерзімін өзгертпейді.