«Жасыл даму» АҚ-да тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың ресімделген жүйесі жұмыс істейді, ол қоғамның қызметіне теріс факторлардың әсерін шектеу жолымен тәуекелдерді нақты сәйкестендіруді, тиімді басқаруды және тұрақты мониторингті және қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Жасыл даму» АҚ тәуекелдерді басқару процесі стратегиялық, басқарушылық және инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде маңызды рөл атқаратын корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.

«Жасыл даму» АҚ тәуекелдерді басқару процесінің және ішкі бақылау жүйесінің қағидаттары:

Тәуекелдерді басқару процесінің қағидаттары:

Ішкі бақылау жүйесінің қағидаттары:

   1. Кешенділік

   2. Ұйымдастыру процестеріне ықпалдасу

   3. Хабардар болу

   4. Үздіксіздік және ұдайы жетілдіру

   5. Қатысу

   6. Экономикалық орындылығы

   7. Ресурстардың жеткіліктілігі

   1. Кешенділік

   2. Жауапкершілік

   3. Міндеттерді бөлу

   4. Бақылау мүмкіндігі

   5. Тиімділік

   6. Этикалық нормаларды сақтау

   7. «Жоғарыдан үлгі»

   8. Бақылау рәсімдерінің құны мен құндылығының мөлшерлілігі

   9. Үздіксіз даму және жетілдіру

Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы «Жасыл даму» АҚ-ның Директорлар кеңесінің (оның ішінде аудит және тәуекелдерді басқару жөніндегі Комитеттің), Басқарманың, Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің, тәуекелдердің иелері болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің, Комплаенс қызметінің және Ішкі аудит қызметінің қатысуымен бірнеше деңгейде тәуекелдерді басқарудан тұрады.

«Жасыл даму» АҚ Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің бірінші деңгейінің қатысушысы ретінде қоғам қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, түйінді көрсеткіштерін, күтілетін нәтижелерін айқындайды.

«Жасыл даму» АҚ Басқармасы тәуекелдерді басқару жүйесінің екінші деңгейінің қатысушысы ретінде тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруды, үйлестіруді, Директорлар кеңесі айқындаған қызметтің стратегиялық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді, қоғамда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.

«Жасыл даму» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесінің үшінші деңгейі тәуекелдердің иелері және бизнес-процестердің иелері ретінде құрылымдық бөлімшелердің қызметінен тұрады.

«Жасыл даму» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесі