2025 жылғы 4 маусымда Глобалдық экологиялық қор мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы аясында «Албания, Армения және Қазақстандағы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерді орындауға арналған Ұлттық жоспарды шолу және жаңарту» атты ұлттық кіріспе талқылауы өтеді.
Жоба тұрақты органикалық ластағыштарды қоса алғанда, қалдықтар кадастрын жаңартуға және оларды қауіпсіз жинау, сақтау және жою бойынша жоспарлар әзірлеуге бағытталған. Жаңартылған Ұлттық жоспар ластағыштардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бақылау жүйесі мен іс-қимылдарды үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ және Стокгольм конвенциясының аймақтық орталығы – RECETOX халықаралық серіктесі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Hilton Garden Inn қонақүйі.
Уақыты: 10:00
Журналистерді семинарға қатысып, өзекті ақпарат алып, сарапшыларға сұрақтар қоюға шақырамыз.
Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін «Жасыл даму» АҚ баспасөз қызметіне +7 702 583 7331 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.