Елімізде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жалпы құны 9 миллиондық EcoSummer 2025 байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың басты мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты көзқарасты насихаттау. Қатысушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптап жинап, оларды EcoQolday жүйесі арқылы тапсырумен қатар, креативті бейнероликтер түсірді.
Жоба Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының бастамасымен, БанкЦентрКредиттің демеушілігімен, «Жасыл даму» АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Байқау жастардың, ұйымдар мен тұрғындардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенділігін арттыруға бағытталды. Байқау туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ-ның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларында бірнеше рет жарияланып, кеңінен насихатталды.
Конкурс Экология күніне орай 2025 жылғы 5 маусым мен 10 қазан аралығында «Таза Қазақстан» ұлттық акциясы аясында өткізілді.
Байқаудың қорытындысы мен жеңімпаздары туралы толық ақпарат 2025 жылғы қазан айының соңында жарияланатын болады.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» бизнес орталығы, блок B.
Уақыты: 12:00
Байланыс нөмірі: «Жасыл даму» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Дүйсебай Нұржан: 8 702 583 73 31