Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп "Ұлттық орман отырғызу күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары арасында үздік шығарма" конкурсын өткізді. Бұл шығармалар байқауы 19 сәуір - Ұлттық орман отырғызу күніне орайластырылған. Қазақстанда бұл акция Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық орман жылын жариялауын қолдау мақсатында оныншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы Акция республиканың экологиялық таза ортаны сақтау проблемасына назар аудару болып табылады.
Байқау 19 наурыз бен 19 сәуір аралығында өтті. Осы уақыт аралығында барлығы мыңнан астам өтінім эссе келіп түсті, оның ішінде Астана қаласының білім басқармасы жанындағы дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының мамандары қазақ және орыс тілдерінде 60 жұмыс іріктеліп алынды.
Еңбек сіңірген жазушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің арасынан тәжірибелі комиссия үш жеңімпазды таңдады. Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша Тұрсынбек Кәкішұлы атындағы № 94 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ниязалы Аяулым бірінші орынды иеленді, Аяулымнын шығармасынан бір ауыз сөз үзінді келтірсек «Табиғат әр адамның – өз үйі. Бұны түсіну үшін адамға үлкен жүрек керек.» осындай терең мағыналы сөз, кішкентай ғана оқушының жүрегінен орын тапқаны, керемет. Екінші орынды Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Төлеген Айжан, үшінші орын Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің 10 сынып оқушысы Мамбур Софья иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың демеушісі Forte Bank.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл конкурсты жыл сайын республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.