Елорданың Нұра ауданында ағаш отырғызылды
Жаңалықтарға оралу

Елорданың Нұра ауданында ағаш отырғызылды

2025 жылғы 12 сәуір күні «Барыс Арена»спорт кешенінің аумағында сенбілік өтті. Оған депутаттық корпус өкілдері, министрлік, әкімдік, «Жасыл даму» АҚ қызметкерлері және басқа да экобелсенділер қатысып, жиында барлығы 150-ге жуық көшет отырғызылды. 
Аталмыш шара қала тұрғындарын елорда аумағын көгалдандыруға жұмылдыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Естеріңізге сала кетейік, сенбілік жұмыстары«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізілуде. 
Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы және Астананың тазалығы мен абаттандырылуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.