Хабарландыру
Назад в новости

Хабарландыру

Қазақстанда өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін беру рәсімін жүзеге асыруға байланысты «Жасыл Даму» АҚ ӨКМ Операторы іске асыратын бағыттардың уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды (ҚР Экологиялық кодексінің 388-бабына сәйкес). 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап: істен шыққан көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау бағдарламасы, сондай-ақ кәдеге жарату төлемін төлеуге және «EcoQolday» жобасы аясында субсидиялар төлеуге байланысты барлық қаржылық операциялар уақытша тоқтатылды. ӨКМ мемлекеттік операторының жұмысы штаттық режимде жақын арада жүргізілетін болады.