Қазақстанның циркулярлық экономиканы дамыту тәсілдері Бакуде таныстырылды
Жаңалықтарға оралу

Қазақстанның циркулярлық экономиканы дамыту тәсілдері Бакуде таныстырылды

2026 жылғы 10 қыркүйекте «Жасыл даму» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Қамбар Омаров Баку климаттық іс-қимыл апталығы 2026 аясындағы іс-шараларға қатысты.

Форум алаңында ол «Жасыл даму» АҚ циркулярлық экономикаға көшудің қозғаушы күші ретінде: Қазақстанның мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада Қазақстанның климаттық және экологиялық саясатты іске асыру тәсілдері, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ-ның көміртекті реттеу, қауіпті қалдықтарды басқару, өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру және қалдықтарды басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастырудағы рөлі қамтылды.

Қамбар Омаров шығарындылар саудасы жүйесін дамытуға, ормандар мен табиғи аумақтарды қорғауға, өртті ерте анықтау жүйелерін енгізуге, «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық ағарту жұмыстарына және Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар көміртек нарықтарын дамыту, қалдықтардың цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету, қайталама шикізатты қайта өңдеу және тарихи ластануға байланысты мәселелерді шешу бағыттарындағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.

«Қазақстан мұндай ынтымақтастыққа ашық. Біз жинақталған тәжірибемізбен бөлісуге, серіктестеріміздің шешімдерін зерделеуге және тәжірибе алмасудан бірлескен жобаларды іске асыруға көшуге дайынбыз», - деп атап өтті Қамбар Омаров.