«Жасыл даму» АҚ жанынан сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар құру туралы хабарландыру
Назад в новости

«Жасыл даму» АҚ жанынан сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар құру туралы хабарландыру

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қалдықтарды басқару, орнықты даму және біздің компанияның басқа да бағыттары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар (бұдан әрі - топтар) құруды жоспарлап отыр.

Топтарды құрудың мақсаты – қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы (EcoQolday) бастамаларды және өндірушілердің немесе импорттаушылардың қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануы арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау процестерін талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу, тәжірибе алмасу үшін мамандарды, бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды біріктіру.

Мүдделі тараптарды топтардың жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 62 06 60 телефоны немесе ecoqolday@recycle.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Өтінімде жауапты тұлғаның аты-жөні, жұмыс орны, қызмет саласы және байланыс деректері көрсетілуі керек.