Теміртау қаласындағы өңірлік экологиялық форум: EcoQolday және қалдықтарды басқару жолдары
Назад в новости

Теміртау қаласындағы өңірлік экологиялық форум: EcoQolday және қалдықтарды басқару жолдары

2024 жылдың 4 маусымында, Қарағанды облысының Теміртау қаласында өңірлік экологиялық форум өтті, аталған форумда ауа сапасының, энергетикалық трансформацияның өзекті мәселелері және қалдықтарды тұрақты басқару стратегиясы талқыланды.

Іс-шара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласы әкімдіктерінің, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ҚР-дағы делегациясының және тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының қолдауымен өткізілді.

Форум аясында, "Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қабдолданов Нұржан Кеңесбайұлы ЕcoQolday автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылатын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, сөз сөйлеу барысында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы өңірлерде коммуналдық қалдықтарды басқару бөлігінде, кәдеге жарату төлемдері қаражаты есебінен, инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізді.