«Zero Waste» ЖШС мен «Интер Мульти Сервис» ЖШС қағаз қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтарға оралу

«Zero Waste» ЖШС мен «Интер Мульти Сервис» ЖШС қағаз қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана қаласында «Zero Waste» ЖШС мен «Inter Multi Service» ЖШС арасында «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен қағаз қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы маңызды қадам.

Тараптар қалдықтарды тұрақты басқару мен тұтынудың тұйық циклі қағидаттарын енгізуді көздейтін стратегиялық әріптестік туралы келісімге келді. Аталған ынтымақтастық елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қоспақ.

«Интер Мульти Сервис» ЖШС 2008 жылы Алматы қаласында негізі қаланған, Қазақстандағы гофрленген картоннан жасалған қаптамалар өндірісінің жетекші компанияларының бірі. Компания экологиялық таза технологияларды белсенді түрде енгізіп, өндірісте қайта өңделген шикізатты пайдалану арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға ұмтылады.

«Zero Waste» ЖШС – Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару және басқару бойынша қызмет көрсететін қарқынды дамып келе жатқан заманауи компания. Компания Сарыарқа, Сарайшық және Алматы аудандарын қамти отырып, күн сайын 600 тоннадан астам ҚТҚ шығарады. Соңғы буындағы заманауи қоқыс тасымалдаушы техникалардың қолданылуы компания қызметінің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қол қойылған келісім Астана қаласындағы макулатураны қайта өңдеу көлемін кеңейтуге берік негіз қалайды және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік органдар мен бизнестің тиімді ынтымақтастығының үлгісіне айналады.