«Жасыл даму» АҚ EcoQolday цифрлық жүйесін пайдалана отырып, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға және оқушылар арасында экологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған конкурс өткізген болатын. Жалпы жобаға Жезқазған бойынша 22 мектеп қатысты.
Осы жоба аясында Жезқазған қаласында үздік мектептерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қаланың мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеуге жіберу бағытында жоғары нәтиже көрсеткен мектептер анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын - Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
«Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2 орын - Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
«№8 гимназиясы» КММ
3 орын - Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
«Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды «Жасыл даму» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалияқбаров табыстады.
Іс-шараның мақсаты - білім беру ұйымдары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін дамыту және жас ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыру.