2023 жылдың 30 қарашасында «Жасыл даму» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) комплаенс қызметі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін "Қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық" және "алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты" тақырыбында ішкі оқыту өткізілді.
Оқу барысында Қоғамның комплаенс қызметінің басшысы Б. А. Құздыбаев құрылымдық бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлық "Республиканың ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлердің бірі ретінде қаралатынын туралы еске салды. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне, тәртіп пен демократиялық негіздеріне нұқсан келтіреді, экономикалық реформаларды жүргізуге кедергі болады. Мемлекеттік аппараттың, квазимемлекеттік сектордың және халықтың сеніміне нұқсан келтіреді.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, коммерциялық параға апаратын ықтимал жағдайлары түсіндірілді және де соған төтеп бере алатын ережелер бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.